KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Күз бітіп, қыс келерде қажет болар он кеңес

8.11.2024, 20:00 94 Гульжан Мусина

Суық, желді күндері жылы оранып, денсаулыққа көбірек көңіл бөлген дұрыс. Жұқпалы аурулар көбейетін кезеңде өзіңізді қалай қорғай аласыз? Назарларыңызға бірнеше пайдалы кеңестер ұсынамыз.

  1. Дұрыс тамақтану

Күнделікті тағамыңызда ақуыз, көмірсулар және майлардың дұрыс үлесте болғаны маңызды. Сонымен қатар, тамақтың құрамында қажетті дәрумендер мен микроэлементтер де болуы шарт. Бұл – иммунитетті күшейтудің маңызды қадамы.

  1. Жылы киіну

Суық мезгілде әдеміліктен гөрі, денсаулыққа көбірек мән беру керек. Сондықтан ауа райына сай жылы киініп жүргеніңіз абзал.

  1. Мұрынға қорғаныс майын жағу

Жұқпалы аурулардан қорғанудың тағы бір әдісі – мұрынға оксолин майын немесе шай ағашы майын жағу. Бұл майлар вирустардың ішке енуіне кедергі жасап, мұрын қуысын қорғайды. Мұны әсіресе балаларға қолдануға болады.

  1. Бетке массаж жасау

Суық тиюдің алдын алу үшін немесе мұрын бітелгенде бетке массаж жасау өте пайдалы. Бұл әдіс қан айналымын жақсартып, иммундық жүйені белсендіреді. Массаж жасағанда беттегі биологиялық белсенді нүктелерге әсер ету маңызды.

  1. Аяқтың жылылығын сақтау

Жұмыс орнында да аяқтың тоңбауын қадағалаңыз. Егер мүмкіндік болса, жылытуға арналған гельдермен аяқтарыңызды сүртіңіз. Бұл дененің температуралық реттелуін қалыпқа келтіруге көмектеседі.

  1. Жылы шай

Жылыту тек сырттан емес, іштен де қажет. Шөптен дайындалған шайлар мен пайдалы тұнбалар ішкі жылуды сақтауға жақсы әсер етеді. Жұмыс орнында итмұрын, қарақат, таңқурай қосылған шай қайнатып, аздап суыған соң бал қосып ішуге болады.

  1. Тұрақты спортпен шұғылдану

Иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін күнделікті дене жаттығулары қажет.

  1. Тамаққа күтім жасау

Тамақ ауырып немесе мұрын бітелсе, дәріханаларда сатылатын бал мен өсімдік сығындылары қосылған пастилкалар көмектеседі. Сонымен қатар, бір шай қасық балды аузыңызға салып, еріткенше ұстауға болады.

  1. Маска тағу

Вирус таралуының алдын алу үшін маска тағуды әдетке айналдырыңыз. Маска мұрын мен ауызды тығыз жауып, саңылауларсыз бекітілуі керек. Егер масканы қолыңызбен түзетсеңіз, қолды міндетті түрде сабындап жуыңыз. Бір реттік масканы қайта қолданбаңыз.

  1. Демалу гимнастикасы

Демалу гимнастикасы тыныс алу жүйесін күшейтіп, қан айналымын жақсартады. Тыныс алу арқылы ағзаға қажетті оттегі жеткізіледі, ал ол өз кезегінде дененің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.

Суық кезде зиянды әдеттерден арылу да денсаулыққа пайдасын тигізеді. Темекі тарту мен шамадан тыс ішімдік тұтыну иммунитетті әлсіретеді. Бұдан бөлек, күйзеліс те ағзаға кері әсер етеді. Сондықтан, психологиялық тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз.

Суық мезгілде өзіңізді қорғап, денсаулығыңызды күту үшін осы кеңестерді пайдаланыңыз.

Қыс мезгілінде кептірілген жемістерден дәруменге бай шай дайындауға болады. 

Шетен мен итмұрынды тең мөлшерде араластырып, 1 ас қасық жемісті 0,5 литр қайнаған суға салып, 30 минут тұндырады, содан соң сүзеді. Дайын шайды ішуге болады.

Қант қосылған шетен көпшіліктің көңілінен шығары анық. Ол үшін 1 кг шетен жидегін 1,5 кг қантпен езіп, 6 сағат тұндыру керек. Кейін қоспаны 30 минут қайнатып, ыстық күйінде стерильденген банкаларға құйып, қақпақпен жабады.

Қысқы дәрумендік сусындарға шетен мен итмұрынды қосып, денсаулығыңызды нығайтыңыз!


Дидар-ақпарат

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу