ШҚО әкімі тұрғындарды қолдап, Қайсенов пен Әуезов көшелеріндегі бұрылыс мәселесін шешті
Өскемен қаласындағы Қайсенов пен Әуезов көшелерінің қиылысында оң бағытқа бұрылыс салу жұмыстары тоқтатылды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аймақ басшысы Ермек Көшербаев мәселе себебін өз көзімен көруге келіп, қала әкімінің тірлігін сынға алды. Тұрғындардың қауіпсіздігі қашан да бірінші орында екенін атап өтті.
Облыс әкімі мердігерлерге бұл бағыттағы жұмыстарды тоқтатып, осыған дейін алынып тасталған брусчаткаларды орнына қоюды тапсырды.
Әкімнің бұл шешімін жергілікті кәсіпкерлер де құптап, кітап дүкенінің иесі Виталий Коханов облыс басшысына алғысын білдірді.
Халық үніне құлақ асуда автомобиль жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің құқы тең қаралуы керектігі де мәлім. Ал ондай жағдайда қолайлылықтан гөрі, тұрғындардың жүріп-тұру қауіпсіздігіне басымдылық берілетіні сөзсіз.