KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Аяқ-қолынан айырылған мүгедектігі бар адамдар сараптамадан жыл сайын өтпейді

pexels.com

8.11.2024, 18:30 90 Төлеуғазы Жансая

Аяқ-қолынан айырылған мүгедектігі бар адамдарға енді жыл сайын медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтудің қажеті жоқ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова журналистермен кездесуде Қазақстанда мүгедектік беру кезінде осы жайт ескерілетінін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, ведомствоға аяғы немесе қолынан айырылған адамдар мүгедектік алу үшін жыл сайын аяқ-қолдарының жоқтығын растауға мәжбүр екендігі туралы шағымдар жиі түседі.

"Бұл мәселені, ең болмағанда, күн тәртібінен алып тастаймыз. Егер, мысалы, жол-көлік апатының салдарынан аяқ-қолды ампутациялауға әкеп соқтырса, онда операция жасалған күні өмір бойғы мүгедектік бірден беріледі," - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

Бірақ, жалғыз шарт - адамның қосымша қатар жүретін аурулары болмауы керек.

"Негізгі ауруы асқынған кезде аяқ-қол ампутациясына көрсеткіштер пайда болады. Мысалы, қант диабеті. Мұндай жағдайда мүгедектік қант диабеті бойынша беріледі. Сондықтан, адам аяқ-қолынан айырылған күнде де, оған мерзімсіз мүгедектік тағайындалмайды," - деп түсіндірді вице-министр Жақыпова.

Айна Ескенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу