KZ
Өскемен
+8°
дождь жел 6 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Қазақстанға қыдырып келіп жұмысқа орналасып алған РФ азаматына айыппұл салынды

18.01.2019, 08:33 209

Алтайға саяхаттап келіп, жұмысқа орналысып алған ресейлік азаматша 63 мың теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ресей азаматшасы Алтай қаласына келген. Көші-қон карточкасына тіркелу кезінде жеке мақсатпен келгенін де көрсеткен. Тиісінше осы жылдың 17 қаңтарында ол елден кетуі керек екен. Бірақ қонақ үш ай бойы қалалық компаниялардың бірінде менеджер болып жұмыс істеп келген. Бұл – заңға қайшы.


Осылайша ресейлік ҚР Әкімшілік Кодексінің 517-бабының 5-бөлігін бұзып, әкімшілік жауапкершілік арқалады.


– Жұмысқа кіріспес бұрын ол көші-қон қызметінен рұқсат алу керек еді. Сот қаулысымен Ресей Федерациясының азаматшасы кінәлі деп танылып, 25 АЕК (63 125 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды, – деп хабарлады Алтай аудандық сотының баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив