KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Риддерде контрафактілік темекі мен ішімдік саудасы тоқтатылды

pixabay.com

3.11.2024, 13:00 535 Назерке Каримова

51 мың шөлмек суррогат ішімдік пен 348 мың қорап темекі тәркіленді.

Өнімдердің жалпы құны 350 млн тенгені құрайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Көлеңкелі экономикаға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында, облыс прокуратурасының үйлестіруімен ШҚО Экономикалық тергеу департаменті Риддер қаласында жалпы құны 350 млн тенге құрайтын жалған есепке алу-бақылау маркалары бар 51 мыңнан астам шөлмек көлемінде суррогат алкоголі мен 348 мың қорап темекі өнімдерін сақтап таратқан жеке кәсіпкердің заңсыз әрекетін тоқтатты.

Сапасы күмәнді контрафактілік өнімдерді сату және оларды тұтыну өте қауіпті, өйткені олар азаматтардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

- Риддер қалалық сотының үкімімен жеке кәсіпкер кінәлі деп танылып, бас бостандығы шектелді, - деп мәлімдеді ШҚО прокуратурасы. - ШҚО прокуратурасы, Экономикалық тергеу, экология департаменттері және сот орындаушылары өкілдерінен тұратын комиссия тәркіленген өнімдерді Өскемен қаласындағы полигонда жойды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу