ШҚО-да 16 қаңтар күні ауа райы қандай болады?
Синоптиктерге сенсек, 16 қаңтарда Қазақстанның көп бөлігінде күн жауын-шашынды болады. Республика аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, бұрқасын соғады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын соғады, көктайғақ болады, жел екпіні 25 метрге күшейеді – деп жазылған «Қазгидромет» хабарламасында.
Ауа температурасы айтарлықтай төмен емес. Күндіз -1 және -6, түнде -5 және -10 градус аралығында.