KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
488.26 530.54 5.03

Мұхтар Шаханов ұзақ уақыттан кейін сұхбат берді: “Шәмші Қалдаяқовпен 16 ән жаздық”

Фото: Мұхтар Шахановтың жеке архивінен

Бүгін, 17:00 0 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург Мұхтар Шаханов ұзақ үзілістен кейін сұхбат беріп, Шәмші Қалдаяқовпен достығы жайлы естеліктерімен бөлісті, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Massaget.kz порталына сілтеме жасап.

Мұхтар Шаханов пен режиссер Әли Бидахмет "1001 түн" бағдарламасында қонақ болды. Драматург пен режиссер "Танакөз" туындысы мен оның сахналық қойылымы туралы әңгімеледі.

Сұхбат барысында Мұхтар Шаханов Шәмші Қалдаяқовпен достығы туралы айтып, бірге жазған әндер жайлы сыр шертті.

"Шәмші Қалғантабақовпен 16 ән жаздық. Мен әзілдеп, оны "Қалдаяқов - Қалғантабақов" деп атайтынмын. "Ақ бантик", "Кешікпей келем деп ең", "Өмір - өзен" сияқты көптеген әнді бірге жаздық," - деп еске алды ақын.

Сондай-ақ, Мұхтар Шаханов поэзия мен өнер туралы ойымен бөлісті.

"Поэзия дегеніміз - әлемдік деңгейде ешкім айтпаған ойларды айту. Мен "Төрт ана" өлеңін 15 жасымда жаздым. Бұл өлең әлемнің көптеген тілдеріне аударылды," - деп, ақын студияда "Төрт ана" өлеңін оқып берді.

Сұхбат соңында Мұхтар Шаханов "Танакөз" туындысын сахналап жатқан жас режиссерге алғысын білдіріп, "Менің жазғанымның бәрі - халықтыкі, тек соны қалай бар, солай жеткізсе болды," - деп батасын берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив