KZ
Өскемен
+1°
туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Екі баланы өрттен алып шыққан азаматтар: "Ерлік жасадық деп ойламаймыз "

7.01.2019, 03:16 127

Өскеменде екі ер адам балаларды «Титан» бау-бақша қоғамдастығы аумағында болған өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды altaynews.kz.


Қалалық ТЖБ мәліметіне сай, өрт шыққан үйде 6 және 4 жастағы екі бала болған. Балалардың анасы пеш жағып, кейін өз шаруасымен сыртқа шығып кеткен.


Балалары болса, үйде қалған. Қою түтінді көршілері - Арман Қайсенов пен Геннадий Семиков байқаған. Олар дереу көмекке келіп, терезені шағып кірген. Кейін балаларды үйден алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстаған.



Геннадий мен Арман өздерін ерлік жасадым деп санамайды. Кез келген ер адам мұндай жағдайда көмек қолын созуы тиіс деп есептейді. Геннадий Семиков «Титан» бау-бақша қоғамдастығында трактор жүргізушісі болып, Арман Қайсенов «ТПО «АС» ЖШС-нда жүк түсіруші болып жұмыс істейді.


Куәгерлер оқиға орнына өрт сөндірушілерді шақырған. №5 Өрт сөндіру бөлімінің мамандары 64 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді.


Қазіргі сәтте балалар Ана мен бала орталығында. Жағдайлары бірқалыпты.


Ербол Жанат

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив