KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Қазақстанда қонақүйлер статистикасы: ШҚО-да ең көп

4.07.2022, 12:06 235

Қазақстанда демалушыларды күтіп алуға 3756 мекеме дайын. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. 

Орналасу үшін арналған орындар саны бойынша Алматы (556) және Шығыс Қазақстан облысы - 589. Қонақүйлер мен туристік базалары тым аз аймақ - БҚО.

Қазақстанда статистика бойынша көрсеткіш былай: 

мейрамханасы бар қонақүй - 799;
мейрамханасы жоқ қонақүй - 1408;
демалыс үйлері - 87;
демалыс пансионаты - 28;
балалар лагері - 111;
ауыл үйлері, коттедж және пәтерлер - 1099;
туристік база - 52;
кемпинг - 34;
хостел - 76.

Айта кетейік, Қазақстанда "5 жұлдызды" 26 қонақүй, "4 жұлдызды" - 58 қонақүй, ал "3 жұлдызды" - 47 орналасу мекені бар. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив