KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өткен жылы ШҚО-да бруцеллезбен 38 адам ауырған

25.03.2022, 11:19 179

«Сарып» ауруы - адамдар мен жануарларда жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі. ШҚО Саниатриялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қорытындысы бойынша, 2021 жылы адамдар арасында сырқаттанушылық 2020 жылмен салыстырғанда 23,1%-ға төмендеген. Яғни, 2020 жылы бруцеллезбен 50 адам ауырса, 2021 жылы 38 адам аталмыш ауруды жұқтырған.

Ал 2022 жылдың басынан бері 1 жағдай ғана тіркелген.

-  Ағымдағы жылдың 2 айында сырқаттанушылық 2021 ж. салыстырғанда бірдей деңгейде болып отыр. Осы жылы бруцеллез жағдайы Үржар ауданының аумағында анықталды. Көпжылдық сараптама жұмыстарының нәтижелері бойынша бруцеллезбен ауырғандардың ауру малдармен тікелей байланыста болатын ауылдық жердің тұрғындары, ал қалғандары қала тұрғындары. Олар – термиялық өңделмеген ет-сүт өнімдерін пайдаланғанда, белгісіз адамдардан сатып алынған, көшедегі ұйымдастырылмаған сауда орындарынан сатып алған ет-сүт өнімдерінен жұқтырғандар, - деп хабарлайды ШҚО Саниатриялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Мамандардың айтуынша, көбінесе еңбекке жарамды жастағы (18-59 жас) адамдар ауырады, олардың үлес салмағы ауырғандар санының 71,1- 86,4%-ын құрайды. Негізінен 62-81%-ы ер адамдарға жұғады. 

- Облыс бойынша бруцеллез аурушаңдығы малға күтім жасау жұмысына байланысты болғандықтан, сырқаттанғандардың жалпы санынан 80%-ға дейінгісі жеке мал иелеріне келеді, қалған пайызын малға күтім жасауға көмектесетін туыстары, көршілері немесе тұрақты жұмыс орны жоқ адамдар үлесі құрайды, - дейді департамент мамандары.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу