Өскемендіктер бруцеллезді қайдан жұқтырады?
Санитар дәрігерлер қала тұрғындарының бруцеллезге шалдығуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды.
Бруцеллез (сарып) ауруы, көбп жағдайда адамға малдан жұғатыны белгілі. Сондықтан бұл жұқпалы ауруға ауыл тұрғындары шалдығып жатады.
2018 жылы ШҚО-да бруцеллез Абай, Аягөз, Глубокое, Жарма, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан және Үржар аудандарының аумағында, сондай-ақ, Өскемен мен Семей қалаларында да тіркелген екен.
Науқастардың 84,1%-ы – мал шаруашылығымен айналысатын ауыл тұрғындары. Қалған 15,9 %-ы – қалалықтар.
Дәрігерлердің айтуынша, қалалықтар ет және сүт өнімдерін термиялық өңдеуден дұрыс өткізбегендіктен және көшедегі ұйымдастырылмаған сауда-саттық орындарынан алынған азық-түліктен жұғады.