KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да иесіз жануарларды ұстайтын орталықтарға қаржылай қолдау беріледі

12.03.2022, 20:03 248

Бұл мақсатқа жергілікті билік 150 миллион теңге бөліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Өңірде бұл мәселе 10 жылдан бері өзекті болған. Мамандандырылған питомниктер құру және қаңғыбас ит, мысықты залалсыздадыру бағытындағы жобалардың жүзеге асу барысын жергілікті белсенділер қадағалауға ниетті. Шығыс Қазақстанда иесіз жануарларды ұстайтын орталықтарға қаржылай қолдау берілетін болды. Бұл мақсатқа жергілікті билік 150 миллион теңге бөліп отыр. Өңірде бұл мәселе 10 жылдан бері өзекті болған. Мамандандырылған питомниктер құру және қаңғыбас ит, мысықты залалсыздадыру бағытындағы жобалардың жүзеге асу барысын жергілікті белсенділер қадағалауға ниетті. Өткен жылдың желтоқсан айында Өскемен қаласының маңындағы Лесхоз ауылында 7 жасар баланы ит талаған болатын. Тұрғындар шу көтергеннен кейін мамандар бұралқы төрт аяқтыларды аулап, ата бастаған. 

– Бізде иттерді қабылдау пункттері жетіспейді. Сондықтан жануарларды қорғау орталықтарымен тығыз жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз. Жеке ит ұстау орталықтарына 50 миллион теңгедей субсидия беру қарастырылған. Сондай-ақ барлық ветеринариялық шаралардың шығыны 150 миллион теңге болмақ. Ал қомақты қаржының мақсатты игерілуін жергілікті белсенділер қадағалайтын болады, - дейді ШҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу