KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Көшеден қаңғыбас ит көрсеңіз, қайда хабарласу керек? – Зайсан

10.02.2020, 04:25 213

Зайсанда қаңғыбас иттерді ату жұмыстары басталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы аудан әкімдігі мәлім етті.

Әкімдіктегілердің айтуынша, аталмыш шара тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жүргізілмек. Соңғы уақытта зйасандықтардан қараусыз жүрген иттерге қатысты өтініш, арыздар көптеп түскен.

-        Аудан тұрғындарының шағымынан кейін Зайсан ауданының «Ветеринариялық қызметі» қаңтар айының ортасынан бастап, қаңғыбас иттерді атуды қолға алды. Егер сіздің көшеңізде қаңғыбас иттер болса, ветеринариялық қызметке хабарласуларыңызды сұраймыз, - дейді аудан әкімдігі.

Бұл жазба әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Шешімді тұрғындардың бір тобы қолдаса, тағы бір тарап қарсылық танытуда.

-        Қараусыз жүрген иттер көбіне аш жүреді. Содан кейін адамға жүгіреді, - дейді тұрғын Әйгерім Әуелбекова.

-        Қаншама адамдар, оның ішінде балалар осы көшедегі иттерден зардап шегеді. Соны ойлаңыздар, дамыған елдерді емес. Көшеде иттерді атпасын десеңіздер, ең алдымен үй жануарын ұстау тәртібін сақтаңыздар, - дейді тұрғын Ғалия Еңсебаева.

 Ал, «4 лапы» қоры болса, әкімдік иттерді заңсыз атып жатыр дейді.

-        Масқара. Неге, ҚР заңын сақтамайсыздар? Неге үй иттерін атасыздар? Неге алдымен сол иттің иелеріне айыппұл салмайсыздар? Ауылшаруашылық министрі көшедегі иттерді ұстаудағы басты мақсат, оның иесін тауып, өзіне қайтару деген болатын. Ендеше, иттерді үш күннен кейін ғана ату керек. Ал сіздер тапа тал түсте ит атасыздар, - дейді қор қызметкерлері.

Қор қызметкерлері бұл сөздеріне айғақ ретінде, әкімдіктің әлеуметтік желіге жүктеген мына бір суретін алға тартып отыр.

Бірақ бұл пікірмен келіспей отырғандар да жоқ емес. Дей тұрғанмен, жақындарыңыздың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірсеңіз, (8-723-40) 30-029 нөміріне хабарласуларыңызға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу