KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 3 м/с, З
441.41 477.78 4.84

ШҚО-ның барлық емханаларында қызамыққа қарсы екпе тегін жүргізіледі

14.02.2022, 09:58 107

Қызамық - антропонозды жіті вирустық инфекциялық ауру. Инфекция көзі – қызамықтың клиникалық анық немесе жойылған түрі бар науқас адам. Инфекция ауа тамшыларымен және тігінен (анадан ұрыққа) беріледі. Қызамықпен ауыратын науқас бөртпе пайда болғанға дейін 7 күн бұрын және бөртпен пайда болғаннан кейін 7 күн ішінде басқаларға өте жұқпалы.

Айта кету керек, 2021 жылы Шығыс Қазақстан облысының аумағында қызамық жағдайлары тіркелген жоқ. Бұны ШҚО бойынша санитариялық-эпидемиологиялық департамент те растады. 

Десе де, эпидемиологтар қызамықтың алдын алудың ең тиімді шарасы вакцинация екендігін айтады.  

- Екпелерді жүргізу үшін ДДҰ сертификаттаған және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат еткен қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке қарсы құрамдастырылған вакцина пайдаланылады. Вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханалардың барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі. Жыл сайын балаларды қызамыққа қарсы жоспарлы вакцинациялаумен қамту деңгейі 95-99% құрайды, - деп хабарлайды ШҚО бойынша санитариялық-эпидемиологиялық департамент.

Қызамық белгілері қандай? 

Қызамық ЖРВИ-ге тән болмашы симптомдармен өтеді, ал 30-50%-да клиникалық көріністерсіз өтеді. Бөртпе алдымен бет терісінде пайда болады, бүкіл денені дәйекті түрде қамтиды. Қызамық бөртпесі қызылша сияқты жарқын емес және біріктірілмейді. Кейде бөртпе элементтерінің аймағында аздап қышу байқалады. Әдетте, желке лимфа түйіндерінің ісінуі тән.

- Қызамық жүкті әйелдер үшін қауіпті. Жүкті әйелді қызамықты жұқтырған кезде, анадан вирус ұрыққа плацента арқылы беріледі, бұл ұрықта көптеген туа біткен ақаулардың дамуына және жүкті әйелдерде түсік түсіру, өлі туылу сияқты асқынуларға әкеледі. Балада көру, есту, жүрек, бауыр, сүйектер ішілік зақымдану байқалады. Нәтижесінде бала соқыр, саңырау, жүрек ақауы, ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі болып туылады, - дейді мамандар. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив