KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Үш оқушы семейлік тұрғынды тонап кетті

4.04.2022, 16:44 152

Наурыз айының басында Семейдің 53 жастағы жергілікті тұрғынының қолынан «Samsung» ұялы телефонын кетіп бара жатқан бейтаныс жігіт қала дүкендерінің бірінің жанында жұлып алып, қаша жөнелген. Жәбірленуші бірден 102 жедел арнасына қоңырау шалып, көмек сұраған.

- Келтірілген шығын 130 000 теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 9-сынып та оқитын 3 оқушыны ұстаған. Күдіктілердің бірі анасының көзінше кінәсін мойындаған. Ұрланған зат тәркіленді, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ұсталғандар кепілхат бойынша ата-аналарына берілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі – «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив