KZ
Өскемен
-19°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
507.05 594.82 6.51

Сарыөлең мен Абай ауылдарында 100 басқа арналған тауарлы-сүт фермалары салынады – Күршім

28.12.2021, 23:44 486

2021-2022 жылдары Күршім ауданында жалпы құны 120 млн.теңге болатын тауарлы-сүт фермалары салынады. Бұл туралы аудан әкімі Дулат Қажанов пресс-конференция барысында мәлімдеді.

100 басқа арналған аталмыш нысан ауданның Сарыөлең (60 млн.тг), Абай (60 млн.тг) ауылдық округтерінде салынбақ.

-  2023 жылы Қалжыр ауылдық округінде құны 240 млн.теңге болатын 600 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы салынады. 2024 жылы Күршім ауылдық округінде құны 60 млн.теңге тұратын 100 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы салынады. Нәтижесінде 2019 жылы аудандағы 40 мың сиыр басының 30 пайызы, яғни 12 мың басы тұқымдық түрленуге қатысқан болса, алдағы 5 жыл ішінде тұқымдық түрленуге қатысатын мал басының саны 27,5 мың басқа немесе 60 пайызға жетеді, - деп мәлімдеді аудан әкімі Дулат Қажанов.

Осылайша мал басын көбейту, сүт қабылдау пункттерін ашу, тауарлы-сүт фермаларын салу бойынша 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 105 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу