ШҚО әкімі лауазымына 2 кандидат ұсынылды
Тілеубек Шаяхметтің суреті
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысының барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының отырысына қатысу үшін Өскемен қаласына келді.
Әлихан Смайылов депутаттарға Мемлекет басшысының облыс әкімі лауазымына Ермек Көшербаев пен Дархан Сапановтың кандидатураларын қарауға ұсыну туралы хатын оқып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі UKIMET телеграм-арнасыа сілтеме жасап.
Ашық дауыс беру қорытындысына сәйкес 117 депутат Е.Көшербаевтың кандидатурасын қолдады, 36 депутат Д.Сапановқа дауыс берді. Дауыс беруге барлығы 153 депутат қатысты.
Оқи отырыңыз