Отандық тұқым шаруашылықтарына қолдау көрсетіледі – ШҚО

Шығыс Қазақстанда өнімдері шетелдік тұқым түрлерімен еркін бәсекелестікке түсе алатын отандық тұқым шаруашылықтарына қолдау көрсетілмек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыс әкімдігінде өткен мәжілісте көктемгі егіске дайындық мәселелері пысықталды.
Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ажар Кажыбекованың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің тұқымға деген қажеттілігі 71,8 мың тонна, оның ішінде 60 мың тоннасы дәнді дақыл, 3 мың тоннасы майлы дақыл, 0,8 мың тоннасы жем азықтық дақыл, 8 мың тоннасы картоп.
Облыс әкімі Ермек Кошербаев тұқым сатып алуда өзіміздің отандық тұқым өсіру шаруашылықтарының өнімін сатып алуға басымдық беру қажеттігіне назар аударды. Айталық, біздің облыста бес ірі тұқым шаруашылығы бар.
Жанаргүл Мұқатай