KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2 м/с, ОШ
443.03 480.38 4.91

Күршімдегі Тораңғы көлін қар суымен толтырмақшы

4.05.2024, 17:30 92 ALTAINEWS

Күршім ауданындағы Тораңғы көлі тартылып бара жатыр. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары көл радиусы 500 метрге кішірейген.  Сондай-ақ балық түрлері сиреп, айдынның айналасында жан-жануарлар азая бастаған көрінеді.

Негізі Тораңғыны балық пен құстың ондаған түрі мекендейді. Су деңгейін қалпына келтірілмеген жағдайда экологиялық апат болуы ықтимал,  деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандар бұл қауіптің алдын алуға кірісіп те кетті. Қазір Сарыөлең ауылындағы «Жауғашты» деп аталатын 15 шақырымдық канал тазартылып, «Кубань» учаскесіндегі ұзындығы 4,5 шақырым су өткізгіш құбыр кеңейтіліп жатыр. Осылайша, әрі тасқынның алдын алуға, әрі тартылып бара жатқан көл табанын толтыруға мүкіндік бар.

Арнайы техникалар қатынайтын көпір құрылысы жүріп жатыр. Бұл жұмысқа 10 адам жұмылдырылып, алты техника тартылған.

Тораңғының айдыны толса, балық шаруашылығын дамытуға жол ашылады. Мұнда басқа да кәсіп түрлерін дөңгелетуге де мүмкіндік бар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив