ШҚО-да балық қалай қорғалып жатыр?
Шығыс Қазақстан облысында балықтардың уылдырық шашу кезеңіне байланысты браконьерлікке қарсы іс-қимыл шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
16 сәуірден бері облыс аумағында балық биоресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз аулау фактілерінің алдын алуға бағытталған арнайы акциясы жүріп жатыр. Іс-шара 31 мамырға дейін жалғасады. Бүгінде екі қылмыстық іс анықталып, балық аулау ережелерін бұзу фактілері бойынша 172 әкімшілік хаттама толтырылды.
Мәселен 18 мамыр күні полиция қызметкерлері Өскемен-Самара блок-бекетінд 57 келіден астам балық, 20 келіден астам тартылған балық, 10 келіден астам уылдырықты рұқсатсыз алып өтпек болған Күршім ауданының тұрғынын ұстады. Оған қатысты ҚР ӘК 389-бабы бойынша іс қозғалды.