KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 2 м/с, З
482.86 533.17 5.08

Еуропалық олимпиаданың күміс жүлдегерін жерлестері қарсы алды

5.07.2024, 17:29 135 Ынтымақ Толқын

Сербияда өткен Еуропалық география олимпиадасында жерлесіміз жүлделі болды. Әлемдік білім додасында ел қоржынына күміс жүлде салған оқушыны Шығыс жұрты салтанатпен қарсы алды. 
Ағымдағы жылдың 28 маусым мен 4 шілде аралығында Белград қаласында оқушылар арасындағы ең ірі халықаралық білім бәйгесі – Еуропалық география олимпиадасы (EgeO) өткен болатын. 2015 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл бәсекеде ел намысын ұлттық құраманың әр өңірден жиылған олимпиадалық резерв мүшелері қорғады. Солардың қатарында Өскемендегі Білім-инновация лицейінің 9-сынып оқушыс Әмір Дарынов бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Беделді сайыста күмістен медаль тағынып, абыроймен елге оралған оны жерлестері құшақ жая қарсы алды.

 – Олимпиадаға 11 елден жүзден аса оқушы қатысты. Менің бағытым бойынша шамамен елудей бала бақ сынады. Жарыс жолы қиын болғанымен өз білімімді дәлелдей алдым деп ойлаймын. Алған әсерімді айтып жеткізе алмай тұрмын. Оның үстіне бұл менің алғашқы үлкен олимпиадам болғандықтан қобалжу да болды. Дегенмен намысты қолдан бермеуге тырыстым. Жүлделі екінші орынға ие болғаныма қуаныштымын. Бүгін жерлестерім де, қарсы алып жатыр. Маған сенім артқан жандардың үмітін ақтағаныма қуаныштымын. Мен үшін бұл үлкен мәртебе, – деді Әмір Дарынов.

Фото: Нелли Петенева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив