KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, С
509.75 594.67 6.46

«Рахман қайнары» мемлекеттік органдардың балансына берілді

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

28.08.2024, 18:07 411

Электрондық сауда алаңында «Рахман қайнары» шипажайын мемлекеттік органдардың балансына беру бойынша сауда-саттық өтті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді.

– 22 тамыз күні сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ, - деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.

 Айта кету керек, «Рахман қайнары» шипажайы 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор -  ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу