KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да екі адам 10 млн теңге сақталған сейфті көтеріп кеткен

28.09.2021, 15:43 145

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының ортасында Риддер қ.ПБ «102» жедел арнасына 35 жастағы жергілікті тұрғыннан сағат 07.30-дан 09.30-ға дейінгі уақыт кезеңінде белгісіз тұлға пластикалық терезені сығу жолымен үйіне заңсыз кіріп, қосалқы үй-жайдан жасырын түрде ішінде алтын сақина, үйге арналған құжаттарды, 1843 жылы шығарылған мыс монетасын, «Еңбегі үшін» медалін және 8 000 000 теңге сақталған металл сейфті ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Жалпы келтірілген материалдық шығын 10 000 000 теңгені құрады.

- Іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері «ізін суытпай» бұрын бірнеше рет сотталған 30 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады. Олар ұрланған мүлікті ішінара қайтарған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 4-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу