Маралдыда алтын өңдеу фабрикасы іске қосылды: қауіпсіздік пен әлеуметтік міндеттемелер басымдықта (Видео)
Altainews.kz редакциясына "ВСАМ Продакшн" ЖШС өкілдері Күршім ауданына қарасты Маралды ауылында алтын өңдеу фабрикасының құрылысы аяқталғанын хабарлады.
"Біз фабриканы іске қосуға қажетті барлық рұқсаттарды алдық және бүгіннен бастап толық көлемде жұмыс істей бастаймыз", – деді кәсіпорын директорының орынбасары Талғат Мақатаев.
Фабрика басшылығының өкілі компанияның барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, жергілікті халық алдында уәде етілген әлеуметтік міндеттемелерін толықтай орындайтынын атап өтті.
Күршім аудандық мәслихат депутаты Ляззат Құмарова бұл жаңалықтың аудан тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік екенін айтты. Оның айтуынша, Күршім ауданы тұрғындарының көбі балық шаруашылығымен айналысады, алайда бұл кәсіптің тұрақсыздығы кейде қиындық тудырады.
"Мұздың үстінде жұмыс істейтін балықшылар арасында қайғылы оқиғалар да кездесіп жатады. Ауданымызға жаңа жұмыс орындары қажет. Балықшылардың тұрақты жалақы алмауы мүмкін. Ал фабрикада жұмыс істесе, олар тұрақты жалақыға, әлеуметтік көмекке ие болады," – деді Ляззат Құмарова.
Оқи отырыңыз