KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, В
447.25 485.18 4.96

Маралдыда бір топ адам рұқсатсыз митинг өткізді

yandex.kz

9.05.2024, 10:30 209 Назерке Каримова

Кеше Маралды ауылында «Байтақ» партиясының өкілі мен бір топ адам алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсылық білдіріп, рұқсатсыз жиналыс өткізген.

Жиналыс аяқталғаннан кейін 100-ге жуық Маралды тұрғыны фабрика құрылысын тоқтату туралы бейнеүндеу түсіру үшін құрылыс орнына келіп, ары қарай олар фабрика аумағына кірген, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі ШҚО ақпараттық орталығы ақпаратына сүйеніп.

Кәсіпорын басшылығының мәліметі бойынша, олардың қызметкерлері дене жарақатын алып, сондай-ақ материалдық шығынға ұшыраған. Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның қызметкерлері мен күзетшілері кәсіпорын аумағынан кетуге мәжбүр болды.

– Полиция және СОБР қызметкерлері жиналғандарды құқықтық тәртіпті сақтауға шақырып, заңнаманы түсіндірді, бұл ретте оларға күш қолданылмады, – деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы. – Аталған факті бойынша ШҚО полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде тергеу іс-шараларын жүргізуде. Нәтижесі бойынша құқықтық баға берілетін болады.


Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдан бері Маралды ауылында геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Қорлар анықталғаннан кейін 2022 жылы алтын өндіру фабрикасын салу жобасы басталды. Жобаны бейінді министрліктер мақұлдап, қоршаған орта үшін өндіріс қауіпсіздігі туралы қорытындылар берілген болатын. Қоғамдық тыңдаулар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, онда түрлі ведомстволар мен ұйымдардың, оның ішінде тәуелсіз ұйымдардың сарапшылары жобаның экологиялық қауіпсіздігі туралы толық қорытынды берген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив