KZ
Өскемен
-2°
снег жел 7 м/с, Ю
521.81 543.67 5.05

2025 жылы жеке тұлғалардың қай санаттары активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырады

pexels.com

Кеше, 16:00 192 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялаудың 4-кезеңін алып тастау тұжырымдамасын қайта қарау аясында кейбір жеке тұлғалар үшін міндетті декларациялау сақталатынын, сондай-ақ ерікті түрде декларация тапсыру құқығы да қалатынын хабарлайды.

Заңнамалық деңгейде енгізіліп жатқан түзетулерге сәйкес, жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (ФНО 250.00) тапсыру міндеті келесі санаттарға ұсынылады:

  • шетелде мүлкі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттері;
  • жеке практикамен айналысатын тұлғалар (адвокаттар, нотариустар, медиаторлар, жеке сот орындаушыларылар);
  • декларацияны ерікті түрде тапсыруды қалайтын азаматтар;
  • сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға үміткерлер;
  • банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болуды қалайтын тұлғалар.

Шетелдегі декларациялауға жататын активтер:

         - жылжымайтын мүлік, көлік құралдары;

         - шетелдік банктердегі шоттардағы ақшалай қаражат, егер олардың сомасы 1000 АЕК-тен (3 692 000 теңге) асса;

         - инвестициялық және бағалы металдар;

         - шетелдік компаниялардағы немесе тұрғын үй құрылысына қатысудағы үлестер;

         - бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;

         - брокерлік шоттардағы қаражат;

         - зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқықтар;

         - цифрлық активтер;

         - дебиторлық/кредиторлық қарыздар;

         - құны 1000 АЕК-тен (3 692 000 теңге) асатын мүлік (антиквариат, сән-салтанат заттары және т.б.).

2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жеке тұлғаларға ұсынылады:

         - қарыз шарттарын нотариалды куәландыру;

         - қолма қол ақшалай қаражатты 10 000 АЕК-тен жоғары (36 920 000 теңге) банктік шоттарға немесе басқа қаржы құралдарына орналастыру;

         - қымбат мүлікті құны 1000 АЕК-тен (3 692 000 теңге) асатын тәуелсіз бағалаушыға бағалату (қалауы бойынша көрсетіледі);

         - Қазақстандағы активтері мен міндеттемелерінің болуын өз бетінше тексеру.

        Декларацияны тапсыру мерзімі 2025 жылғы 1 қаңтардан 15 қыркүйекке дейін (қоса алғанда). Декларацияны салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk, ВСС.kz мобильді қосымшалары арқылы электронды түрде тапсыруға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу