KZ
Өскемен
туман жел 3 м/с, ОБ
495.2 522.34 4.94

Декларацияның үшінші кезеңі жүріп жатыр

Фото: qz-media.kz

29.07.2024, 11:40 108 Анель Слямғазықызы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңнің аралық қорытындысын жария етті.

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) болып табылатын барлық жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00 нысан) ұсына бастады.

Декларация декларацияны табыстау жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндемелерінің бар жоқтығын көрсетуге арналған.

Бұл ретте бейрезиденттер, коммерциялық емес ұйымдарың құрылтайшылары (қатысушалыры) және акционерлері декларацияны ұсынудан босатылды.

2024 жылы декларацияны облыс бойынша 77,5 мың жеке тұлға табыстауы қажет. Ағымдағы жылдың 10 шілдедегі жағдайы бойынша 33,8 мың жеке тұлға немесе декларанттардың 44%-ы декларацияны тапсырды.

Оның ішінде декларацияның 99,9%-ы электронды түрде, атап айтқанда салық төлеушінің кабинетті (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы (egov.kz) және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшалары арқылы табысталған.

– Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) үшін декларацияны тапсырудың сонғы мерзімі 15 қыркүйекке дейін екенін ескертеміз. Салықтық міндеттемені уақытылы орындамау мәселесі туындамас үшін декларацияны алдын ала табыстауды ұсынамыз. Декларация тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша ұсынылады, – деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті. 

Кешіктірмей ұсыну қажет

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 250.00, 270.00 нысанды декларацияларды алдын ала тапсыруды ұсынуда.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі басталды, оның шеңберінде 250.00 нысанындағы «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.

Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті – әділ салық салуды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.

250.00 нысанындағы «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны бір рет – жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде ұсынады. Әрі қарай 2025 жылдан бастап жыл сайын 270.00 нысанындағы «Кірістер мен мүлік туралы» декларация ұсынылады.

Декларацияларды «Салық төлеушінің кабинеті», «ҚР электрондық үкіметі» веб-порталдары, «e-SalyqAzamat», «Halyk», «BCC» мобилді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Қазіргі кезде 250.00 нысаны бойынша «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны Kaspi.kz. мобилді қосымшасында ұсынуға болады. Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей ұсыну қажет.

Техникалық жаңылысуларды және ақпараттық жүйелерге жүктемені болдырмау үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 250.00, 270.00 нысанды декларацияларды алдын ала тапсыруды ұсынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу