KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Декларацияны 15 қыркүйектен кешіктірмей ұсыну қажет

Фото: freepik.com

23.07.2024, 11:38 260 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 250.00, 270.00 нысанды декларацияларды алдын ала тапсыруды ұсынуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі басталды, оның шеңберінде 250.00 нысанындағы «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.

Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті ­– әділ салық салуды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.

250.00 нысанындағы «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны бір рет – жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде ұсынады. Әрі қарай 2025 жылдан бастап жыл сайын 270.00 нысанындағы «Кірістер мен мүлік туралы» декларация ұсынылады.

Декларацияларды «Салық төлеушінің кабинеті», «ҚР электрондық үкіметі» веб-порталдары, «e-SalyqAzamat», «Halyk», «BCC» мобилді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Қазіргі кезде 250.00 нысаны бойынша «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны Kaspi.kz. мобилді қосымшасында ұсынуға болады. Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей ұсыну қажет.

Техникалық жаңылысуларды және ақпараттық жүйелерге жүктемені болдырмау үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 250.00, 270.00 нысанды декларацияларды алдын ала тапсыруды ұсынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу