KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Қазақстандық студенттердің басым көпшілігі қай тілде білім алып жатыр?

3.02.2021, 11:32 192

Ұлттық статистика деректерінің мәліметінше, 2019-2020 оқу жылында еліміздің жоғару оқу орындарында 152 789 студент қабылданған. Алайда оқу жылының аяғына дейін 37 мыңнан астам студент әр түрлі себептермен оқудан кетіп, 115 186 студент бітіріп шыққан. Ал аталған оқу жылында мектеп қабырғасын 153 627 оқушы аяқтаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-              Студенттердің 83%-ы күндізгі оқу нысаны бойынша, 7,6% - қашықтықтан, 7,3% – сырттай және 2% – кешкі білім алады. Оның ішінде 64,9% студент мемлекеттік тілде, 29,6% - орыс тілінде және 5,5% - ағылшын тілінде білім алуда, - деп хабарлады ведомстводан.

Ал оқытушыларға келетін болсақ, штаттық профессор-оқытушылар саны 36307 адамды құрайды. Оның ішінде 6137 оқытушы қосымша жұмыс істейтін көрінеді. Жалпы профессорлық-оқытушылық құрамның 8,1%-ы - ғылым докторы, 31,7% - ғылым кандидаты, 6,3% - профессор және 14,7%-ы доцент атағына ие болған. Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылар 36% – ды, яғни 13067 адамды құраса, философия докторы мен бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алғандар - 8,5% - ды, анығырақ айтқанда – 3079 адамды құрайды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу