KZ
Өскемен
+10°
небольшой дождь жел 5 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

ШҚО-да заңсыз еңбек еткен 11 шетелдік ұсталды

Фото: Polisia.kz

13.05.2024, 11:12 78 Ержан Әбіш

ШҚО-да полицейлер заңсыз еңбек мигранттарын анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ШҚО ПД көші-қон қызметінің және Күршім аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейд өткізу барысында аудандағы салынып жатқан нысанда заңсыз жұмыс істеген 11 көрші елдің азаматын анықтады.

Шетелдік азаматтар ағымдағы жылдың наурыз айында келген. Оларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін уәкілетті орган беретін тиісті рұқсат болмаған. Жұмыс беруші рұқсат құжаттарынсыз шетелдік азаматтарды жұмысқа қабылдаған. Шетелдіктер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабы, 5-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.

Заңсыз мигранттарды жұмысқа алған жұмыс берушіге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив