Қазақстандықтар жасанды интеллектіні қолдану туралы сауалнамаға қатыса алады

Фото: pexels.com
Цифрлық даму министрлігі 3-9 наурыз аралығында eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану жөнінде сауалнама жүргізеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР ЦДИАӨМ сілтеме жасап.
Сауалнамаға «Хабарламалар» бөлімі арқылы қатысуға болады. Ол бес сұрақтан тұрады және азаматтардың ЖИ туралы білімі, оны қолдану деңгейі, шешімдеріне деген сенімі, сондай-ақ жаңа технологиялармен жұмыс істеуге дайындығы сияқты аспектілерді қамтиды.
Жүргізілген сауалнама нәтижелері цифрлық дағдыларды дамыту және ЖИ-ді күнделікті өмірге енгізу бойынша болашақ бастамаларды айқындауға негіз болады.
Айта кетейік, 3 наурызда Мәжілісте Қазақстанда ЖИ-ді қолданудың ашық әрі түсінікті ережелерін жасауға бағытталған «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы таныстырылған болатын.