Өскеменнің екі тұрғыны өрт кезінде түтінге уланған мүгедекті үйінен алып шықты
Өскемендегі Назарбаев даңғылындағы 5-ші қабаттағы пәтерде бүгін өрт шықты.
Шақырту орнына келген құтқарушылар баспалдақта 1971 жылы туған ер адамды көреді. Сөйтсе, түтінге уланған тұрғынды өрт сөндірушілер келгенше екі көршісі - Роман Томилов пен Артур Зубко түтінге оранған пәтердің есігін бұзып, алып шыққан.
Кейін ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қолына табысталды. Уланған еркек мүгедек болып шықты.
-Құтқарушылар 2 ш.м. алаңда жануды жойды, өрттің себебі бойынша отты абайсыз қолдану нұсқасы пысықталуда. ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және отты абайлап қолдану қажеттігін ескертеді, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі.