KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 1 м/с, С
515.03 584.82 6.24

Табиғат тосын мінез танытпақ: ШҚО тұрғындарына сақ болған жөн

depositphotos.com

15.04.2025, 08:00 383 Ержан Әбіш

«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар күтілуде. Кей жерлерде жауын-шашын қарқынды болуы мүмкін. Сондай-ақ түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсіп, көріну қашықтығы күрт төмендеуі ықтимал, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні әсіресе облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа райы айтарлықтай құбылмалы болмақ: түнде 0-ден 5 градусқа дейін жылылық күтілсе, шығыста үсік жүріп, температура 3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Күндіз өңірдің басым бөлігінде 12-17 градус, ал шығысында бар болғаны 7 градус жылы болады.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады:

Жолда көлік жүргізген кезде жылдамдық режимі мен арақашықтықты қатаң сақтаңыз;

Күшті жел кезінде электр сымдарына, жарнамалық қалқандар мен басқа да тербелмелі құрылымдарға жақындамаңыз;

Автобус аялдамаларының артында, ағаштардың түбінде тұрудан сақ болыңыз;

Балаларды далада жалғыз қалдырмаңыз.

Ауа райына байланысты кез келген өзгеріс туралы ақпаратты "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға болады. Ал егер төтенше жағдай орын алса, "112" нөміріне дереу хабарласу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу