Өскемен – Алтай тасжолында қозғалыс уақытша тоқтатылды

depositphotos.com
Шығыс Қазақстан облысында маңызды жолдардың бірі – Өскемен – Алтай бағыты бойынша қозғалыс уақытша тоқтатылды. Атап айтқанда, жолдың 56-шы шақырымында су шайып кету салдарынан көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта оқиға орнында патрульдік полицияның арнайы экипаждары жұмыс істеуде. Олар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті бақылауда ұстап отыр.
Полиция облыс тұрғындары мен қонақтарын қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, барлық сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Қазіргі таңда арнайы мамандар оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруда.