KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, В
507.07 572.53 6.37

Өскеменде жылу беру маусымы 22 cәуірде аяқталады

depositphotos.com

19.04.2025, 11:00 292 Ержан Әбіш

2025 жылдың 22 сәуірінде Өскемен қаласында жылу беру маусымы ресми түрде аяқталады. Бұл шешім өңірлік ауа райының тұрақты жылынуына байланысты қабылданды. Атап айтқанда, 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №9/81-VIII шешімге сәйкес, жылу маусымын тоқтату үшін жылы сыртқы ауа температурасының бірнеше күн бойы сақталуы – басты шарт, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Дегенмен, бірқатар нысандар үшін жылу беру жалғасуы мүмкін. «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Согра ЖЭО» ЖШС (Жаңа Согра кенті) және Геологиялық көшесі, 1/9 мекенжайындағы №3 қазандыққа қосылған жылу тұтынушыларына төмендетілген гидравликалық параметрлермен жылу жүйесін пайдалану рұқсат етіледі. Бұл мүмкіндік келесі мекемелерге беріледі:

  • балабақшалар, мектептер, ауруханалар және есепке алу аспаптары жоқ мекемелер – 25 мамырға дейін;
  • жылу энергиясын есепке алу құрылғылары орнатылған, меншік түріне қарамастан заңды және жеке тұлғалар – 25 мамырға дейін.

Жылу жүйелерін ары қарай пайдалану үшін тұтынушылар https://edoc.ukteplo.kz сайты арқылы өтініш жолдауға тиіс. Өтініште «төмендетілген гидравликалық өлшемдерде жылу беру жүйелерін пайдалануға келісемін» деген жолды міндетті түрде көрсету керек. Сонымен қатар өтініштерді тікелей «Шығыс Жылу» АҚ-ның Дербес қызмет көрсету орталығына (Горький көшесі, 61) апаруға болады. Орталық аптаның жұмыс күндері 08:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді. Жексенбі – демалыс күні.

Тұтынушылар сауалдарды кәсіпорынның @ukts_info атты Instagram парақшасында қоя алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу