KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, В
507.07 572.53 6.37

Студенттік фестиваль: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі болған Ұлы Жеңіс ұлықталды (видео)

9.05.2025, 17:10 315 Ержан Әбіш

Өскеменде «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты студенттік фестиваль өтті. Жеңістің 80 жылдығына арналған шараға жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, оқытушылары қатысты. Өнерге толы мерекелік кешке шаһар тұрғындары да жиналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сахна төрінде студенттер әскери жылдардан сыр шертетін әндер мен билерді орындап, көрерменді сол бір тағдырлы жылдарға жетеледі. Бұл – ерлік даңқын дәріптеу ғана емес, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге деген алғыс.

– Бүгінгі фестиваль – бұл тек концерт емес, ұрпақтың ардагерлерге көрсеткен тағзымы. Іс-шара облыс әкімдігі мен білім, мәдениет, ішкі саясат басқармаларының, сондай-ақ өңірдегі оқу орындарының бірлескен бастамасымен ұйымдастырылып отыр, – деді облыстық ресурстық орталық директоры Айдос Әділбеков.

Фестиваль аясында Шығыс төріндегі киіз үй сахнасында соғыс жылдарынан таныс әндер шырқалып, жұртшылықтың жүрегін тербетті.

– Бұл концерт көңілімді босатып, жан дүниемді тебірентті. Қызым мен немеремді ертіп келіп, ерекше әсер алдық. Әндер айтылғанда көзіме жас келді. Ең қуантқаны – бұл әндерді жас қыз-жігіттердің орындауы. Демек, ата-бабамыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Бұл – болашақ үшін аса маңызды, – деді қала тұрғыны Мария Костина.

Дмитрий Чжан
Фото: Жібек Нұрахмет
Видео: Жалғас Сағадиев

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу