KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
511 602.72 6.49

Өскеменде «Мәңгілік сапта» атты еске алу акциясы өтті

5.06.2025, 15:30 223 Ержан Әбіш

Бүгін Өскемен қаласындағы ҚР Ұлттық ұланының 5518 әскери бөлімінде «Мәңгілік сапта» атты еске алу акциясы өтті.

Шара 2016 жылы Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінде орын алған террористік акт кезінде ерлікпен қаза тапқан әскери қызметшілердің рухына арналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Шығыс өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Акцияның негізгі мақсаты – Отан алдындағы борышын өтеу барысында өмірін қиған жауынгерлердің ерлігін еске алып, олардың есімдерін ұмытпау, сондай-ақ жастардың бойына патриоттық рух сіңіру. Іс-шара барысында бөлімнің жеке құрамы қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды, – деп мәлімдеді Шығыс өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Мұндай бастамалар – бейбіт өмір мен тұрақтылықтың қаншалықты қымбат екенін ұғындырумен қатар, ел қорғау жолындағы ерлік пен батырлықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Ел үшін жанын қиған ерлердің есімі – ұлт жадында, мәңгілік сапта.

Фото: Шығыс өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу