KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Серебрянскідегі салтанат: жас сарбаздар Отан алдында ант берді - ШҚО

16.06.2025, 15:00 237 Ержан Әбіш

Серебрянск қаласындағы 97638 әскери бөлімінде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 90-ға жуық жас сарбаз Қазақстанның тұтастығы мен бейбіт өмірін қорғауға салтанатты түрде әскери ант берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

— Ұлымның әскери ант қабылдау сәтін көру — мен үшін өмірімдегі ең үлкен мақтаныштардың бірі. Бір ай бұрын бозбала болып аттанған еді, бүгін Отан қорғаушы ретінде алдымда тұр. Оның бойынан сенімділік пен ерік-жігерді көріп, жүрегім қуанышқа толды, - деді сарбаздың анасы Зейнап Мұратқызы.

Жас жауынгерлерге артылған міндет пен жауапкершілік – Отанға адал қызмет ету. 

— Бүгінгі күн мен үшін ұмытылмас. Біз ел алдында жүрегімізбен ант бердік. Ант — тек сөз емес, болашақтағы әр ісімізге жауапкершілік артатын уәде. Өз борышымды адал өтеуге уәде беремін, - деді Санжар Бүркітбай

Салтанатты шараға келген ата-аналар бір айда өзгеріп, әскери тәртіпке бой үйреткен балаларын көріп таң-тамаша болды. Шараға қатыса алмаған туыстары сарбаздармен онлайн байланысқа шығып, жүрекжарды тілектерін жолдады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу