KZ
Өскемен
+9°
небольшой дождь жел 4 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

«Шығыс»: Сарбаздары қатары толықты

28.05.2024, 19:03 92 Ынтымақ Толқын

Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде 400-ден астам сарбаз әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Отан алдындағы борышын шығыс өңірінде өтеуге келген сарбаздар еліміздің 14 облысынан жиналған. 

- Әскери борышты өтеу – әрбір азаматтың құрметті міндеті. Қазақстанда Қарулы күштер ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Ант қабылдау – бұл әр сарбаздың өз елін қорғауға, кез-келген жағдайда оған адал болуға дайындығын білдіретін әрекет, - деді 27943  әскери бөлім командирі полковник Азамат Абікенов.

Ант қабылау рәсіміне дейін сарбаздар алғашқы әскери дайындық курсынан өтіп, қарумен жұмыс істеудің, тактикалық дайындықтың негізгі дағдыларын игерген.

-Әскер қатарына шақырылғалы біз әскери өмірмен, өзімізге жүктелген міндеттермен таныстық. Осы бір жыл көлемінде Отанымды абыроймен қорғап, өзіміздің әскери саладағы біліміміз бен біліктілігімізді шыңдай түсеміз деген ойдамын, -  деді қатардағы жауынгер Бекзат Әріпбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив