KZ
Өскемен
-17°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
510.18 601.91 6.51

Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

pexels.com

2.07.2025, 10:00 187 Төлеуғазы Жансая

2 шілде күні еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасының нашарлауы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, Алматы, Жезқазған және түнгі уақытта Астана қалаларында атмосфералық ауаның ластану қаупі жоғары.

Мамандар бұл жағдайды қолайсыз метеожағдайлармен байланыстырып отыр. Яғни, ауада зиянды заттардың шоғырлануына себеп болатын табиғи құбылыстар – тыныштық, тұман, әлсіз жел немесе температуралық инверсия байқалады. Мұндай кезде ауа жаңарып үлгермей, лас бөлшектер жиналып қалады.

Сарапшылардың айтуынша, ластану деңгейіне ең алдымен ауа температурасы, желдің күші мен бағыты, ылғалдылық пен жауын-шашын секілді метеорологиялық факторлар әсер етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу