KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 1 м/с, С
504.49 587.73 6.57

Жазда 11 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады

3.07.2025, 14:00 258 Ержан Әбіш

Шілде және тамыз айларында еліміз бойынша Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған курстар жалғасады. Осы кезеңде 11 мыңнан астам педагог білім алады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша, бағдарламалар бастауыш сынып мұғалімдерінен бастап қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық пәндер педагогтеріне дейін қамтиды. 

Тыңдаушылардың бір бөлігі инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық сауаттылық бойынша курстарды таңдаған.

Жыл басынан бері мұндай курстардан 31 мыңнан астам мұғалім өтті. Атап айтқанда, ауыл мектептерінің педагогтері белсенділік танытып, олардың үлесі жалпы санның 56%-ын құрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу