KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Зайсандағы 60 пәтерлі тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

17.08.2021, 10:17 215

Шекара маңындағы аумақтарды дамытудың Кешенді жоспары бойынша 1 млрд 621 млн теңге сомасына үйлер салынады, деп мәлімдеді облыстық "Ақпараттық орталығы".

Зайсан қаласында құны 781 млн теңгені құрайтын бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылымның құрылысы аяқталу сатысында. Тұрғын үй ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен іске қосылған "Бір қабатты Шығыс" жобасы іске асырылуда. Оның аясында 840 млн теңгеге 30 екі пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Енді тұрғын үйді пайдалануға беру үшін 126 млн теңге қажет. Ақша үйлердің инженерлік инфрақұрылымын қаржыландыруға қажет.

Алайда жұмыс тоқтамайды. Тағы 35 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Осы мақсаттарға 832,5 млн теңге сомасында бюджет қаражаты 2022 жылға жоспарланған.

Сондай-ақ, көпбалалы отбасылар үшін үй жанындағы аулаларды абаттандыру, 36 екі пәтерлі тұрғын үйдің шағын футбол және балалар ойын алаңдарын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олар өткен жылы пайдалануға берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив