KZ
Өскемен
-1°
снег жел 7 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Осинов асуын айналып өтетін жолдың құрылысы 1 қыркүйекке дейін аяқталады - ШҚО

depositphotos.com

14.07.2025, 10:00 316 Ержан Әбіш

Көп жылдан бері күтілген жол құрылысы Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін үлкен жаңалық болмақ. Айналма жол логистиканы жеңілдетіп, жол жүру уақытын қысқартуға және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға сеп болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биылғы наурыз айында Осинов асуын айналып өтетін жолдың құрылысы осы жылы аяқталатыны белгілі болған еді. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапары кезінде мәлімдеген болатын. Аталған жол Өскеменді Бұқтырма су қоймасы мен Риддер қаласы секілді танымал туристік бағыттармен байланыстыратындықтан, өңір үшін стратегиялық маңызға ие.

ШҚО әкімдігінде өткен жиында жол құрылысы 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отырғаны белгілі болды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚОФ директоры Нұрбек Темірханов хабарлады.

Сонымен қатар облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жаңа жол іске қосылғаннан кейін танымал «Думан» дәмханасының орналасқан жері өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді. Мұндай шешім жол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданбақ.

Елизавета Седых

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу