KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Осинов асуындағы төте жолдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

сурет көрнекілік үшін алынды: depositphotos.com

16.07.2024, 11:41 142 Жанаргүл Мұқатай

Осинов асуын айналып өтетін жол учаскесінің құрылысы 2017 жылы басталған болатын. «ҚазАвтоЖол»  ҰК АҚ ШҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары м.а Алмас Қасеновтің  айтуы бойынша, ұзаққа созылған жол құрылысы  2025 жылдың соңында аяқталмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары» бағытындағы (екі учаске: 56-72, 72-88) Осинов асуын айналып өтетін жаңа жол құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландырылып жатыр. Республикалық маңыздағы туристік трассада қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

– 2023 жылдың күзінде  «КазАвтоЖол» ҰК»АҚ облыстық филиалы аталған жолды салуға орай  мердігер «Kurylys Group RK» ЖШС келісім шартқа отырды.  Қазіргі уақытта жер қыртысын қазу, аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таудан тікелей өтетін жол салу үшін мамандар  529 мың текше метр тау жынысын жарып, аршыды. Құрылыс қарқынды жүріп жатыр.  100 шақты адам,  50 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Биылғы жылға   5 миллиард теңге бөлінген болатын, оның 88% игерілді. Алайда, келесі жылы  осы учаскемен қозғалысты қамтамасыз ету үшін көпір салуға биылғы жылға  3 млрд. теңге көлемінде қосымша қаржы қажет.  Филиал бірнеше рет қосымша қаржыландыруға орай өтінім берді, қосымша қаржыландыру мәселесі әлі қаралу үстінде, – дейді «ҚазАвтоЖол»  ҰК АҚ ШҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары м.а Алмас Қасенов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив