KZ
Өскемен
-18°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
504.6 594.27 6.48

Шығыстың құтқарушылары судағы қауіпсіздікке ерекше ден қойып отыр

14.07.2025, 16:30 240 Ержан Әбіш

Шомылу маусымы қыза түсті. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар күн сайын су айдындарында рейд жүргізіп, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін еске салып жүр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алайда демалушылардың көпшілігі арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылуды жөн көреді. Бұл — адам өміріне тікелей қауіп төндіретін әрекет. Рейд барысында құтқарушылар қайықпен жағалау маңын шолып шығып, суға түсушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, маусым басталғалы бері судағы қауіпсіздік талаптарын бұзған 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал жаздың басынан бері өңірде 4 адам суға батып кеткен.

– Рейдтердің басты мақсаты – қайғылы жағдайлардың алдын алу. Арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылу аса қауіпті, себебі ондай аумақтарда су ағыны қатты, түбі зерттелмеген, көбінесе терең шұңқырлар болады, – дейді ТЖД мамандары.

Құтқарушылар тұрғындарды тыйым салынған белгілерді ескеріп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға үндейді. Себебі су – ережеге бағынбайтын күш.

Дмитрий Чжан

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу