KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да судағы қауіпсіздікті сақтамаған 1581 адам жауапқа тартылды

ШҚО ТЖД

3.08.2024, 16:00 115 Назерке Каримова

Облыста қазір аптап ыстық сақталуда. Бұл күндері облыстың барлық су жағажайлары мен суға түсуге рұқсат етілмеген орындарда рейдтер жүргізеді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Полицейлер және ШҚО ТЖД мен Өскемен қаласының ТЖБ құтқарушылары су айдындарда оқыс оқиғалардың алдын алу шарларын күшейтті.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, облыста суға шомылу кезеңінен бастап 4 адам суға батып кеткен. Барлық оқиғалар жабдықталмаған орындарда орын алған.

Полицейлер мен құтқарушылар халыққа судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Суға шомылу маусымынан бастап барлығы 2100 рейд өткізілді, оның барысында суда қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін 1581 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екі ай ішінде өңірдің су айдындарында ШҚО ТЖД қызметкерлерім 18 адамды құтқарды, оның 4-еуі бала.

- Демалыс кезінде суда аса сақ болу қажет: тексерілмеген және арнайы жабдықталмаған орындарда суға түсуге болмайды, су айдындарында балаларды көзден таса қылмау керек. Су айдынында ішімдік ішуге болмайтынын естен шығармаған жөн. Көптеген қайғылы оқиғалар нақты осы себептерден болады, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу