KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Суға шомылуға қауіпті аумақта рейд жүруде – ШҚО

2.07.2024, 17:36 64 Ынтымақ Толқын

Самар ауданында құрылған еріктілердің тобы Бұқтырма су қоймасының жағасында рейд жүргізуде.

Бұл іс-шара демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Суға шомылу маусымы басталғалы Самар ауданында демалушылардың қарасы басым. Сондықтан аудан аумағында орналасқан Бұқтырма су қоймасының жағалауында суға түсуге қауіпті аймақтар бақылауға алынған.  Сарыбел ауылының жоғарғы жағындағы, Новостройка ауылының шетіндегі, Казнаковка өткеліндегі, Самар ауылындағы және Лайлы су қоймасының жағалауы суға түсуге қауіпті. Осы жерлерде су өте терең, су түбінде адамның өміріне қауіп төндіретін әртүрлі терең шұңқырлар мен металл қалдықтары бар. Сондықтан еріктілерден құрылған топ осы аумақта рейд жүргізіп, демалушыларды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Айта кетейік, рейдтік жұмыстар суға шомылуға қауіпті аумақтарда күнделікті жүргізілуде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив