Он күнде сегіз адам суға кетті
Фото: gov.kz
Биылғы жаздың алғашқы он күнінде елімізде суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан сегіз адам ажал құшты.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Министрліктің мәліметінше, шомылу маусымы басталғалы бері құтқарушылар 13 адамды аман алып қалған. Дегенмен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан сегіз адам суға кеткен. Оның төртеуі кәмелетке толмаған.
Ескерте кетейік, су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың көбі рұқсат етілмеген және жабдықталмаған шомылу орындарында болады. Әрбір азамат қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы керек.