KZ
Өскемен
-22°
плотный туман Штиль
510.18 601.91 6.51

Өскемендегі Ертіс көпірінде көлік қозғалысы шектеледі

Фото: редакция архивінен

15.07.2025, 13:00 274 Ержан Әбіш

Өскемен қаласында Сәтпаев даңғылы бойындағы Ертіс өзені арқылы өтетін автокөлік көпірінің жүріс бөлігінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстарын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен мердігер ұйым жүргізіп жатыр.

– Көпірдің КШТ жағынан келетін шеткі екі жолағымен көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Жүргізушілерден бұл жағдайды ескеруді сұраймыз, – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Роксана Глыбова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу