KZ
Өскемен
-10°
ясно жел 2 м/с, Ю
504.76 593.8 6.5

Полиция ескертеді: жол апаттарының басты себебі - жылдамдықты арттыру

depositphotos.com

16.07.2025, 13:00 230 Ержан Әбіш

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге жолда белгіленген жылдамдықты сақтау қажеттігін тағы бір мәрте ескертті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

2025 жылдың алғашқы алты айында еліміздің жолдарында жылдамдықты асыра жүріп, ереже бұзудың 3 миллионнан астам дерегі тіркелген. Мамандардың айтуынша, рұқсат етілген жылдамдықты сақтамау – жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі.

Мәселен, жарты жылдың ішінде елді мекендер аумағында жылдамдықты арттыру салдарынан 1129 жол апаты орын алып, 95 адам көз жұмған. Ал республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда 986 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 180 адам қаза тапқан.

Жолдағы жауапкершілік пен абай болудың маңызын түсіндіру мақсатында ІІМ арнайы әлеуметтік бейнеролик әзірледі. Онда бір ғана жүргізушінің әрекеті бірнеше адамның өміріне қалай әсер ететінін көрсететін драмалық көрініс ұсынылған.

Министрлік өкілдері жылдамдық режимін сақтау – жай ғана талап емес, әр адамның өмірі мен денсаулығына тікелей ықпал ететін аса маңызды ереже екенін атап өтуде.

Видео: Polisia.kz


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу